Аяз Бетбаев

Аяз Бетбаев (1942 жылы туған, Жамбыл облысы Шу ауданы Алга ауылы — 8 сәуір, 2018 жыл) ақын, әнші, Қазақстанның еңбегі сіңген мәдениет қызметкері. Термеші, композитор

Өмірбаяны

1970 жылдан Шу ауданы мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істеген. "Ақ қайың", "Сағыныш", "Махаббатжұлдызы", "Жүлынған гүл" әндері кең тараған. "Жетісу әуендері" күйлер жинағы, "Шу толқындары" кітабы жарық көрген. Мәскеуде өткен 2-ші Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің лауреаты.[1] [2]