Варшава

Қала
Варшава
Warszawa
ТуТаңбасы
ТуТаңбасы
ЕлПольша
СтатусыАстана
Координатасы52°13′ с. е. 21°02′ ш. б. / 52.217° с. е. 21.033° ш. б. / 52.217; 21.033 (G) (O) (O) (Я)
БурмистрХанна Гронкевич-Вальц
Құрылған уақыты13 ғасыр
Қала статусы1300
Жер аумағы517 км²
Орталығының биiктігі103 м
Тұрғыны1 726 581 адам (2014)
Тығыздығы(2013) 3317 адам/км²
Уақыт белдеуіUTC+1, жазда UTC+2
Телефон коды+48 22
Пошта индекстері00-001 - 04-999
Автомобиль кодыWA, WB, WD, WE, WF,
WH, WI, WJ, WK, WN,
WT, WU, WW, WX, WY
Ресми сайтыhttp://www.um.warszawa.pl/  (поляк)
Варшава (Польша)
Red pog.png

Варша́ва (пол. Warszawa [varˈʂava] ) — Польша астанасы, елдегі көлемі және тұрғындары жағынан алғанда ең үлкен қала. 1596 жылы Вавель қорғанының өртенген сәтінде Сигизмунд ІІІ өз резиденциясын осында ауыстырған сәтінде ресми түрде қала мәртебесін алды, сонда да Конституция бойынша 1791 жылы ғана астана мәртебесі бекітілген болатын. Қала арқылы Висла өзені ағып өтеді.

Тарихы

Қазіргі кезең

1989 жылдан бері Варшава заманауи Польша Республикасының астанасы болып есептеледі. 2-ші дүние жүзі соғысынан кейін қала мұқият қайта тұрғызылып, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасының ескерткіштері санатына ғылыми қайта жасалу үлгісі ретінде енгізілді.


Варшава Технология университетінің ғимараты


19 ғасыр Жаңа Orangery пальмалық үй салуда.

Этимологиясы

Алғашқы рет қолжазбаларда XIV ғасырда Warseuiensis (1321) және Varschewia (1342) түрінде, ал XV ғасырда - Warschouia (1482) кездеседі. Көптеген тарихшылар мен тіл мамандары қаланың атауы тәуелденген сын есім Warszewa (немесе Warszowa) Warsz деген атаудан (Warcisław, Wrocisław ортағасырда танымал болған Warcisław, Wrocisław сөзінің қысқаруынан) арқылы жасалған деп есептейді.

Warszewa атауының на Warszawa атауына ауысуы XVI ғасырда болды және бұл аймақта қоныстанған Варшавада таралуына себеп болған мазовтықтар диалектісінің ерекшелігімен тікелей байланысты еді. Бұл диалектіде XV ғасырдың аяғына дейін дауыста «а» дыбысы «е» жіңішке дауыссыз дыбысқа ауысты. ( ал бұл уақытта sz поляк тілінде жіңішке дыбыс болып есептелетін.) XV ғасырда е дыбысының екінші рет қайталануы диалект болып табылатын, сондықтан әдеби тілде сөйлеуге тырысқан тұрғындар сол түрді а дыбысына өзгерткен болатын. Сондықтан да, Варшава сөзімен де түзетуің жоғарғы дәрежесіндегі этимологиялық дұрыс түрімен ауыстырылған болатын.

Халық арасында Warszawa атауы Wars атты балықшы мен кейін өзі үйленген Szawa атты су пересінің аттарының бірігуі нәтижесінде пайда болған деп есептеледі. Су перісі Саваның бейнесі Варшаваның рәмізіне айналды[1].

1656 жылғы Варшава соғысы

Варшаваның негізінің қалануы турасында Каземир атты әлдебір князь аңшылық кезінде адасып жүріп, Висла өзенінің бойындағы кедей балықшылардың күркесіне жетеді. Онда Варш пен Сава атты егіздерге жас босагнған жас балықшы қызды кездетіреді. Каземир олардың өкіл әкесі болып, олардың қонақжайлылығы үшін сыйлықтар береді. Балықшы бұл ақшаға үй тұрғызып, кейін ол үйдің маңына Варшаваның негізін қалаған өзге де балықшылар қоныстанады[2].

Рәмізі

Варшаваның негізгі рәмізі болып Варшава су перісі есептеледі. Оның бейнесін қаланың елтаңбасында кездестіруге болады. Нарықтық алаңда фольклорлық құндылыққа қалалық мүсін стилінде ескерткіш орнатылған.

Варшаваның елтаңбасы қызыл француздық қалқан, ұраны жазылған бау, сауыттың жоғарғы бөлігінде корольдік тәж және сауыттың тілшігінде Висланың орденімен көрінеді. Варшаваның туы екі теңдес ұлы көлденең жатқан қызыл және жасыл түстегі жолақтан тұрады. Мата 5:8 шамасында болуы шарт.

Ортағасыр

Х ғасырдан бері заманауи Варшаваның аймағында атағы Bródno (яки «брод», «өткел») Jazdów және Kamion жерлеріне жеткен бірнеше мекеннің орнауы құжатпен бекітілген. Осыған қарамастан, Варшавадағы ағаш құрылыстарды ХІІ ғасырда литвалықтар салған болса, ал тасты құрылыстар XIV ғасырға қарай Тевтон орденінен қорғану мақсатында жасалған болатын.

Жаңа кезең

СПОТ серігінен Варшаваның көрінісі
Варшавадағы Олипиада орталығы

XV-XVI ғасырлардың басында Варшава –Мазовецк княздігінің астанасы, 1596-1795 жылдары поляк королдігінің және литвалық ұлы княздіктердің резиденциясы, 1791-1795 жылы Посполитаның астанасы, 1807-13 жылдары Варшава Герцогтігі (нақтырақ айтқанда француз протектаторы ықпалында), 1815-1915 жылдары – Польскі патшалығы (Ресей империясының құрамында). 1918-1939 жылдары Варшава Польша Республикасының астанасы болып табылды, ал 1944-1989 жылдар аралығында - Поляк Халық Республикасының астанасы.

«Судағы Сарай»

1939-1944 жылдар аралығындағы 2-ші дүние соғысы кезеңінде Генерал-губернаторлық әкімшілік орталық Краковта орналасты. Варшаваның орталығы нацистердің бомбылауынан 1939 жылы жойылып, 1944 жылы қайта тұрғызылды.

Қазіргі кезең

1989 жылдан бері Варшава заманауи Польша Республикасының астанасы болып есептеледі. 2-ші дүние жүзі соғысынан кейін қала мұқият қайта тұрғызылып, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасының ескерткіштері санатына ғылыми қайта жасалуүлгі ретінде енгізілді.

Варшава Технология университеті ғимараты
19 ғасыр Жаңа Orangery пальмалық үй салуда.