Ежелгі Грекия

Parthenon

Ежелгі Грекия немес Эллада гр. Ελλάδα) — б.з.б. III мыңжылдықтан б.з.б. I ғасырына дейін болған ежелгі грек мемлекеттері жерінің жалпы аты; Балкан түбегінің оңтүстігін, Эгей теңіздегі аралдарды, Фракия жағалауын, Кіші Азияның батыс өңірін ала орналасқан.

Грек отаршылдығы дәуірінде (б.з.б. 8-6 ғ. бұл мемлекеттер өз ықпалын Италия, Шығыс Сицилия, Оңтүстік Франция жеріне, Африканың солтүстік жағалауына (Киренаикаға), Қара теңіз бен Азов Теңізінің бұғаздары мен жағалауларына дейін таратып, сол жерлерде грек отарлары ашылған.

Тарихшылардың көбісі Ежелгі Грекияны батыс өркениетінің негізін салушысы ретінде қарастырады[1][2][3]. Ежелгі Грекия өркениеті әлемдік демократияның отаны ретінде[4], батыс философияның[5], архитектураның, мүсіндеменің, поэзияның, театрдың және ғылымдардың негізгі принциптерінің негіздеуші[6], Олимпиады ойындардың бастаушысы болып есептеледі. Грек мәдениеті Рим империясының мәдениетінің дамуына, яғни жалпы еуропалық мәдениетінің дамуына үлкен әсер еткен.

Географиясы

Ежелгі Грекияның аймақтары

Солтүстік-батыс жағында Ежелгі Грекия Иллириямен, солтүстік-шығысында Ежелгі Македониямен, батысында Ион (Сицилия) теңізімен, шығысында - Эгей және Фракий теңіздерінің суларымен жуылған.

Негізгі үш аймаққа бөлінген:

  • Солтүстік Грекия
  • Орта Грекия
  • Пелопоннес.

Солтүстік Грекия Пинд тау жотасымен екіге бөлінген: батыс жағында Эпир және шығыс жағында - Фессалияға. Орта Грекия Солтүстік Грекиядан Тимфрест және Эта тауларымен бөлініп, 10 аймақтан құралған: Акарнания, Этолия, Локрида Озольская, Дорида, Фокида, Локрида Эпикнемид, Локрида Опунт, Беотия, Мегарида және Аттика. Пелопоннес қалған Грекиямен енсіз (6 км) Коринфқылтасымен байланысқан. Пелопоннестың орталығы Аркадия болған.

Ежелгі Грекияда үш үлкен архипелагқа ( Киклада, Спорада және Ион аралдары) құралған бірнеше жүз аралдар болған, ең ірілері — Крит және Эвбея.

Балкан жартыаралындағы Грекия көбіне таулы жер, көптеген шығанақтарымен жағалауы кесінділенген ел болған.