Жапон теңізі

39°34′55″ с. е. 134°34′11″ ш. б. / 39.58194° с. е. 134.56972° ш. б. / 39.58194; 134.56972 (G) (O) (O) (Я)
Ауданы978 мың км²
Көлемі1713 мың км³
Тереңдігі3742 м
Lua error Module:Wikidata/media ішіндегі 4 жолында: attempt to concatenate local 'value' (a nil value).

Жапон теңізі (жапон. 日本海 нихонкай, кор. 동해 тонхэ, «шығыс теңізі») — Тынық мұхиттың шеткі теңізі. Еуразия құрлығы мен Сахалия, Хоккайдо және Хонсю аралдары аралығында орналасқан. Оны солтүстігінде Невельской және Лаперуз бұғаздары Охота теңізімен, шығысында Сангар бұғазы Тынық мұхитпен, оңтүстігінде Корей бұғазы Шығыс Қытай теңізімен жалғастырып тұр.

Сандық мәлемет

Ауданы 978 мың квадрат км, орташа тереңдігі 1750 м; суының көлемі 1713 мың куб км. Жағасының ұзындығы 8 мың км, көбінесе биік, тік жарлы келеді, онша тілімделмеген. Ірі шығанақтары: Ұлы Петр және Шығыс Корей. Жапон теңізіне Суйфун, Самарга, Искари, Пуктэчхон, Намдэчхон өзендері құяды. Орталық бөлігінде Ямато қыраты быр, бұл тұстағы ең саяз жері 285 метр.