Зоология

і00px

Зоология - (көне грекше: ζῷον „жануар“ көне грекше: λόγοςілім) – жануарлар организмдерінің құрылысын, жеке дамуын, жүйеленімін (систематикасын), Жер бетінде таралуын, басқа организмдермен қарым-қатынасын, тіршілік ортасымен байланысын анықтайтын және тарихи даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым; биология ғылымының бір саласы.

Толығырақ

Зоологиялық ғылыми-зерттеу арқылы жануарлардың халық шаруашылығындағы рөлі анықталады. Олардың ішіндегі пайдалылары, ауылшаруашылығы және орман шаруашылығының зиянкестері, түрлі аурулар таратушылары ажыратылады. Зоология зерттеу мақсатына байланысты бірнеше салаларға бөлінеді: жануарлар жүйеленімі, жануарлар морфологиясы, жануарлар анатомиясы, жануарлар эмбриологиясы, жануарлар гистологиясы, жануарлар физиологиясы, жануарлар генетикасы, жануарлар палеозоологиясы және зоогеография. Сондай-ақ зерттейтін объектілеріне қарай зоологияның: протозоология, энтомология, ихтиология, герпетология, орнитология, териология бөлімдері бар.[1]

Алға қой өлінеді. Олар жануарлар систематикасы, жануарлар эмбриологиясы, жануарлар физиологиясы, жануарлар генетикасы, жануарлар экологиясы, филогениясы, этологиясы, зоогеографиясы, палеозоологиясы. Зерттеу объектілеріне байланысты З. протозоология, омыртқасыздар зоологиясы, омыртқалылар зоологиясы, ал оның ішінде, гельминтологияға, малокологияға, карцинологияға, энтомология, ихтиология, герпатология, орнитология, териологияга бөлшектенеді. Жануарларды суреттеп жазу ерте дүниеде жүргізілген. Бұл істер Ежелгі Грекиядан басталады да, негізінде Аристотельдің еңбектерімен байланысты. Ол 500 жануарлар түрін сипаттап, оларды жіктеген. 16-17 ғасырда жануарлар әлемі жөнінде мол мағлұматтар жиналған. Микроскоптың пайда болу нәтижесінде көзге көрінбейтін жануарлар әлемі зерттеле бастаған. Қазіргі уақыттағы жануарлар әлемінің жіктелу негізі 17 ғ. мен 18 ғасырдың бірінші жартысында Дж. Рей мен К. Линней еңбектерімен қаланды. Чарлз Дарвин, органикалық әлемнің эволюциялық теориясымен З. өзіндік үлкен үлесін қосқан. Ол «Бигл» кемесімен дүниежүзілік саяхатының нәтижесінде 1839 ж. «Ізденіс күнделігі» атты еңбегін жариялады. Бұл еңбектерінде ол бірінші рет оңтүстік американдық және аралдардағы кемірушілер, жыртқыш құстар, кесірткелер, бақалар т.б. жануарларды сипаттап жазған. Оның З. аса маңызды еңбектері: маржан рифінің жаратылу тарихы «Зоология», (1-5 том, 1839-1843 жж.), және «Мұртаяқты шаяндылар», (1-2т. 1845). Зоологияның дамуына көптеген ғалымдардың еңбектері үлес қосты. Олардың арасында аса көрнекті ғалымдар: Ж.Л. Бюффон, Ж. Кювье, Э. Жоффруа Сент-Илера, П.С. Паллас, Жан Батист Ламарк, К.Ф. Рулье, К. Вольф, К.М. Бэр, А. Уоллес, Р. Оуэн, Э. Геккел, Ф. Мюллер, А.О. Ковалевски және В.О. Ковалевскилер, И.И. Мечников, М.А. Мензбир, И.И. Шмальгаузен, В.Н. Беклемишев т.б. бар. Қазіргі уақытта салыстырмалы зерттеулермен қатар, 3. жануарлардың физиологиясы, экологиясы, эмбриологиясының ерекшеліктерін экспериментальдық зерттеулер арқылы анықтауда. Зоология, жануарларды қорғау және пайдалану, ауыл шаруашылық өсімдіктерімен орман шаруашылығына, тағамдық және өндірістік қорға зиян келтіретін, сондай-ақ адамдар мен жануарларға қауіпті ауру коздырушыларын тасымалдаушылардың санын реттеудің ғылыми негізі болып табылады. Қазіргі заман зоологиясы медицина, ауыл шаруашылық және ветеринариямен тығыз байланысты, ал оның кейбір бөлімдері паразитология, гидробиология, эпизоотология, эпидемиология құрамына енеді.[2]