Кеген ауданы

Disambig gray.svg Басқа мағыналар үшін Кеген деген бетті қараңыз.

Кеген ауданы
Статусы:

Аудан

Кіреді:

Алматы облысы

Әкімшілік орталығы:

Кеген

Құрылған уақыты:

1930

Ресми тілі:

қазақ тілі

Кеген ауданы картада

Уақыт белдеуі:

UTC+6:00

Пошта индекстері:

041400-041432[1]

Автомобиль коды:

05, B

Commons-logo.svg Кеген ауданы Ортаққорда

Кеген ауданы - Алматы облысы құрамындағы аудан, 1997—2018 жылдары Райымбек ауданының құрамында болған, 1930—1997 жылдары жеке аудан болған[2]. Іле, Күнгей, Теріскей Алатауларының етегіндегі тау аралық аңғарда орналасқан. Аудан жерінде Аманжол, Көкжайлау, Саты, Қарақия, Қызыл-кезең, Сартасу (Шоқан асу) асулары бар. Пайдалы қазындылардан қорғасын, мырыш, көмір және құрылыстық тас, құм, балшық кездеседі.

Табиғаты

Климаты қоңыржай, континенттік. Қаңтардың орташа температурасы 13,7 градус, шілдеде 14,8 градус ( Кеген станциясында). Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300-400 мм. Таудан басталатын ағыны қатты Қарқара, Кеген, Талды, Шырғанақ, Иірсу, Кеңсу, Орта Мерке, Шет Мерке (бұлардың қосылуынан Шарын өзені құралады) Қарабұлақ , Шелек, Қайыңды, Жіңішке өзендері бар. Көлдері – Қайыңды, Қарақия, Көлсай. Жері күлгін сұр, қиыршық тас аралас қоңыр, қара топырақты келеді. Шырша, қарағай, қайың, терек, үйеңкі, қарағаш, тобылғы, бозқараған, ақ селеу, бетеге, жусан т. б. өседі. Сілеусін, түйебөрі, жабайы шошқа, марал, тау ешкісі (тау теке), қарақұйрық, түлкі, қарсақ, суыр, қасқыр, борсық, қоян; құстардан ұлар, қаршыға, ителгі, бұлбұл, көкек, қаз, үйрек т. б. кездеседі.