Корей тілі

Корей тілі
Өз атауы:

한국어, 조선말
韓國語, 朝鮮語

Айтылуы:

хангуко/чосонмаль

Елдер:

КХДР, Корея Республикасы, Қытай, Жапония, АҚШ, Канада, Ресей

Ресми күйі:

 КХДР
 Корея Республикасы,
Яньбянь-корей автономиялық округі (ҚХР)

Реттейтін мекеме:

Оңтүстік Кореяда — корей тілінің Ұлттық институты

Сөйлеушілер саны:

78 млн. адам

Рейтинг:

13

Классификация
Санаты:

Еуразия тілдері

Оқшауланған

Жазуы:

хангыль, ханча

Тіл коды
МЕСТ 7.75–97:

коо 330

ISO 639-1:

ko

ISO 639-2:

kor

ISO 639-3:

kor

Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика
"Хангуко"(한국어) және "Чосоно" (조선어)

Корей тілі (кор. 한국어/조선말 хангуко/чосонмаль) — КХДР мен Корея Республикасының мемлекеттік тілі. 78 миллионға жуық адам сөйлейді. Қытай, Жапония, АҚШ, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан елдерінде таралған.Солтүстік Кореяда "чосонмаль" (조선말) немесе "чосоно"(조선어), ал Оңтүстік Кореяда "хангунмаль/хангуго" (한국말/한국어) немесе "куго" (국어, мемлекеттік тіл) деген атаулары қолданылады.

Тіл шоғыры

Корей тілі туыстық тегі жөнінен ешқандай тілдік топқа қосылмайды. Грамматикалық құрылысы жағынан жалғамалы тіл. Кейбір ғалымдар лексикалық, фонетикалық және морфологиялық, синтаксистік ұқсастығына қарап, Корей тілін Алтай тілдері ( түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур тілдері) шоғырына қосып жүр. Корей тілі солтүстік-шығыс, солтүстік-батыс, орталық, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс және чечжудо (аралдың атымен аталған) диалектілеріне бөлінеді. Әдеби тілі орталық диалекті негізінде қалыптасқан.