Моңғолия

Моңғолия
моңғ. Монгол Улс

ескі моңғолша Monggol ulus.svg

Flag of Mongolia.svgState emblem of Mongolia.svg
БайрақЕлтаңба
Ұран: «Монгол улсын төрийн дуулал»
Әнұран: «Монгол улсын төрийн дуулал» (тыңдау )
Mongolia (orthographic projection).svg
Тарихы
Құрылды* б.з.д.209 жыл ( Ғұндар империясының құрылуы)
  • 1206 жыл (Моңғол империясының құрылуы)
  • 1911 жыл (Қазіргі Моңғолия мемлекетінің құрылуы)
Тәуелсіздік күні1911 ж. желтоқсанның 29-ы (Цин империясы)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілімоңғол тілі
ЕлордаҰланбатыр
Ірі қалаларыҰланбатыр, Эрдэнэт, Дархан
Үкімет түріПарламенттік демократия
Президенті
Премьер-министрі
Қалтыма Баттұлға
Ухнаагийн Хурэлсух
Мемлекеттік дінізайырлы мемлекет
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 17-ші-орын
1,564,116 км²
0.6
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
  • Қорытынды (2010)
  • Жан басына шаққанда

$10,16млрд $ (148-ші)
$3,200 $ (138-ші)
ВалютасыМоңғол тугрикі (MNT, код 96)
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі.mn
ISO кодыMN
ХОК кодыMGL
Телефон коды+976
Уақыт белдеулеріUTC-7:00 UTC-8:00

Моңғолия (моңғ. Монгол Улс – Моңғол елі, ескі моңғолша Monggol ulus.svg)) — елі Орталық Азияның шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстігі Ресей Федерациясымен, ал оңтүстігі, шығысы, батысы Қытай Халық Республикасымен шекараласады. Моңғолия бұл екі елдің ортасында орналасқанымен оның батыс нүктесі Қазақстан Республикасының шығыс нүктесіне өте жақын жерде (18 км) орналасқан. Моңғолия мұхитқа шыға алмайды. Жер көлемі — 1 564 116 км². Жер көлемінің үлкендігі бойынша әлемде 17-ші орында. Астанасы - Ұлан-Батыр қаласы. Халық саны: 2 736 800.

Мемлекеттік тілі – моңғол тілі, жазуы - кирилше. Моңғол тілінде халықтың 95 %-ы сөйлейді. Қазақтар елдің 4 пайыздан астамын құрайды. Орта мектепте кириллицадан басқа ескі моңғол жазуы оқытылады. Қазақтар көп тұратын Баян-Өлгей аймағында қазақ тілі оқытылады.

Тарихы

1,000 төгрөгі, Шынғыс хан сурет пен
Моңғолия аймағында әртүрлі түркі тілдес тайпалар көшіп-қонып өмір сүрді. Ең бірінші – хуннулар (ғұндар), өз мемлекетін құрып, Қытаймен (Син династиясы) соғыс бастады. Қытайдың қолбасшы маршалы Менг Тиан өз елін қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын тұрғызды. Хуннулардан кейін бұл жерде түркілер өз империясын құрды.

12-ғасырда Моңғол жерінде шағын хандықтар мен тайпа-ұлыстар болды. Қолбасшы Тэмужин бүкіл ұлыстарды бір елге біріктіріп Моңғол Империясын жариялады. 1206 ж. ол Шыңғыс хан (Ұлы хан) атын алып, көршілес елдерді жаулап ала бастайды.

Оның Империясы бүкіл Азия мен жарты Еуропаны қамтыды. Шыңғыс Хан өлгенде ол өз империясын балаларына бөліп берді. Шыңғыс ханның немересі Құбылай хан, империяның елордасын Бейжің қаласына көшірді. 1368 ж. Қытайдың Минг Династиясы төңкеріс жасап моңғолдарды өз жеріне қуып жібереді. Осыдан бастап Моңғолия қытайдың отары болды.

Далалық сахара

1911 ж. Цин Империясы құлады, сондықтан Моңғолия тәуелсіз мемлекет ретінде жарияланды. Бірақ Қытай қолбасшылары Моңғолияға өз әскерлерін кіргізіп, осы жердің екі аймаққа бөлінуі (Сыртқы Моңғолия және Ішкі Моңғолстан). 1917 ж. Ресей империясының азамат соғысы басталды, көп «ақ әскерлер» Сібір және Қытай жеріне қашты. Бір сондай әскери қолбасшы, - Барон Унгерн өз сарбаздарымен Сыртқы Моңғолияға кіріп, Урга немесе Да-Хүрее қаласын (қазіргі Ұлан-Батыр) басып алды. Ресей қызыл армиясы Моңғолияның коммунистік қолбасшысы Сухэ-Батыр-ды қолдады, ол Унгернның әскерін жеңіп, 1921-жылы Сыртқы Моңғолияда - Моңғол Халық Республикасын жариялады.

Бүгінгі Моңғолия – парламенттік республика. Елдің парламенті – Ұлы Хурал деп аталады.