Музыка

Б.з.б. 510 жылғы Ежелгі грек сауытында музыка сабақтары бейнеленген

Музыка (гр. μουσική, тура мағынасында музалар өнері) – белгілі биіктіктегі дыбыстардан тұратын, адамға сазды әуенімен әсер ететін, дыбыстық көркем бейнеге негізделген өнер түрі. Өзінің эмоциялық әсері арқылы музыка адамзат тарихында қоғамдық-идеялық, мәдени-тәрбиелік және эстетикалық рөл атқарады. Музыка адам сезімін, ойын, оның ерік-күшін дыбыстық формада суреттейтін қатынас құралы ретінде қызмет етеді. Адамның жан дүниесін, көңіл-күйін, сезімін бейнелеуде музыка оның сөйлеу тіліне, дәлірек айтқанда, өзін қоршаған ортаға эмоциялық қатынасын білдіретін сөйлеу интонациясына өте жақын келеді. Соған қарамастан, музыка адамның басқа дыбыстық іс-әрекетінен ерекше саналады. Музыкада дыбыстардың биіктік және уақыттық (ырғақтық) қатынастары өте қатаң тәртіпке келтірілген. Музыкалық шығарма мазмұнында адамның ақыл-ой, ерік-күшінің эмоциялық жақтары кеңінен көрініс табады. Мұның өзі адамның психологиялық хал-жайын ғана емес, оның мінез-құлқын да музыкада ашуға жағдай тудырады. Адам эмоциясын нақтылы, ерекше сыршыл сезіммен бейнелеуде музыканың мүмкіндігі мол. Сондай-ақ музыка идеялар әлемін, әр алуан құбылыстарды және болмыс шындығын суреттейді.

Соған қарамастан Музыка адамның басқа дыбыстықіс-әрекетінен ерекше саналады. Музыкада дыбыстардың биіктік және уақыттық (ырғақтық, ритмдік) қатынастары өте қатаң тәртіпте келтірілген. Эмоцияның көп түрлері ішінен Музыка ең алдымен көңіл-күйді білдіреді. Музыкалық шығарманың мазмұнында сонымен қатар жеке адамның ақыл-ой, ерік-күшінің эмоциялық жақтары кеңінен көрініс табады. Мұның өзі адамның психологиялық хал-жайын ғана емес, оның мінезін ашуда Музыкаға жағдай тудырады. Адам эмоциясының нақтылығы, ерекше сыршыл сезіммен бейнелеуде Музыканың мүмкіндігі мол. Сондай-ақ, музыка эмоциялық сфераларды ашып отырып, сол арқылы идеялар әлемін, алуан құбылыстарды және болмыс шындықтағы процестерді суреттейді. Қалың бұқараны ұйымдастыру, оның рухани өмірін қалыптастыру құралдарының бірі болып отырып, Музыка қоғамдық тәжірибеге де белсенді түрде әсер етеді.

Музыкалық өнердiң қалыптасуы

Maler der Grabkammer des Nacht 004.jpg

Егер қазіргі ғылым саналы адам қауымы осыдан 160 000 жыл бұрын Африкада қалыптасып, сосын осыдан 50 000 жыл бұрын басқа да тіршілікке ықпал құрлықтарға тараған деп санаса, музыканың да бір қарапайым түрлері да сол алғашқы қауымда адаммен бірге пайда болған деп есептейді[1].

Қазіргі ғылым археологиялық және этнографиялық деректерге сүйене отырып, Музыканы алғашқы қауым қоғамының кезінде-ақ өнердің би, поэзия т.б. түрлерінің ұрықтарын бойына жасырған синкретизмдік комплекстің «құрсағында» ұзақ уақыт «өсіп-жетілу» процесінен өтті деп санайды. Өнердің арғы атасы саналатын мұндай синкретизмдік комплекстер көпшілікке қажетті салт-жора ретінде, сонымен қатар бірігіп еңбек ету процесінде адамдардың рухани санасын тәбиелеу әрі қатынас құралы мақсатын атқарған. Мол диапазонды қамтып, бірінен соң бірі жалғаса беретін белгісіз биіктіктегі дыбыстардың әуел бастағы тәртіпке келтірілмеген тізбегі (құс әніне, аңдардың дыбысына еліктеу) кейін логикалық мәні жағынан тұрақты және жанама (тұрақсыз) биіктік бөлшектерге дараланған бірнеше тондардан ғана құралатын әуен саздармен алмасты. Мелодиялық-ритмдік формулалардың сан рет қайталануы мен оның қоғамдық тәжірибеде мықтап орын алуы бірте-бірте дыбыстарды логикалық жағынан қалыптастырып, ұйымдастыру мүмкіндігін ұғынуға жағдай жасады. Сөйтіп, музыкалық дыбыс жүйесінде өлшем мен ладтың ең қарапайым түрлері туды. Тарихқа дейінгі немесе қарапайым музыка деп ауызша музыка есептеледі. Оның мысалы - аустралиялық немесе америкалық аборигендердің бір-біріне ауызба-ауыз айтылатын музыкасы. Бұл кезен музыкалық шығармалардың жазба түрінде сақталуының шығуымен аяқталады. Ең алғашқы сына жазулы музыкалық мәтін Ниппурдың археологиялық қазбаларында табылған, оның жасы 4 мың жыл деп болжамданады.

Ғалымдар ең алғашқы тіркеген музыкалық аспап - сырнай. Б.з.б. 35-40 мыңжылдық деп болжамдалған көне мүсіндердің қасында табылған[2].

Ежелгі Мысыр музыкасы

Пирамидалардың қабырғаларындағы иероглифтердің арасында, ежелгі папирустарда, «Өлгендердің кітабы» және «Пирамида мәтіндері» атты жиынтықтарды діни ұрандардың жазбалары табылған.[3]

Ежелгі Грекия музыкасы

Ежелгі әлемнің музыкасының даму шыңы Ежелгі Грекияның мәдениетінде байқалады. Негізі «музыка» терминнің өзі де ежелгі грек мифологиясындағы тоғыз құдай әйелдерді белгілеп, «музалар өнері» деген грек сөздерінен шыққан. Осы Грекияда алғашқы рет дыбыстардың математикалық өлшемдермен салыстырмалылығы Пифагормен ашылған.