Мюрдаль Карл Гуннар

Gunnar Myrdal
Gunnar Myrdal - Sveriges styresmän.jpg
c. 1937
Туған күні:

желтоқсанның 6 (1898—12—06) (119 жас)

Туған жері:

Gustafs, Dalarna, Sweden

Қайтыс болған күні:

1987 ж. мамырдың 17 (88 жаста)

Қайтыс болған жері:

Danderyd, Sweden

Азаматтығы:

Sweden

Ғылыми аясы:

Экономика, Саясат, Әлеуметтану

Мюрдаль Карл Гуннар (Myrdal, (Karl) Gunnar) (6 желтоқсан. 1898, Густафс, Даларна, Швеция — 17 мамыр 1987, Стокгольм) — швед экономисі және әлеуметтанушысы. Стокгольм университетінде докторлық дәреже алып, онда 1933 жылдан бастап 1967 жылға дейін дәріс берді. Оның алғашқы еңбектері таза теорияға қатысты болды. Бірақ кейінірек қолданбалы экономикаға және әлеуметтік мәселелерге бейімделді. АҚШ-тағы негрлердің әлеуметтік және экономикалық мәселелерін зерттеді және 1944 жылы «Америкалық дилемма» атты классикалық зерттеуін жарыққа шығарды. Онда өзінің «кедейлік – кедейлікті тудырады» деген теориясын баяндады. Дамушы елдердің экономикасына байланысты елдің бай және кедей адамдары конвергенция орнына қайта ара жігі ашыла түседі. Ал кедей елдер одан сайын кедейлене береді деп көрсетті. Осы кезеңде бай елдер масштабына сай одан әрі баи түседі. Кедейлер өзінің экономикасын алғашқы өнімді өндіру арқылы ғана жетілдіруге мәжбүр болады. 1974 жылы Ф. фон Хайекпен бірге Нобель сыйлығын алады. Оның әйелі Алва Мюрдаль (1902-86) әлеуметтанушы, дипломат, БҰҰ-да шенеулік қызметін атқарып, соғысқа қарсы қозғалыстың белсендісі болған. 1982 жылы ол Альфонсо Гарсия Роблеспен бірге бірлесіп, Нобель сыйлығымен марапатталған.