Орыстар

Орыстар
Бүкіл халықтың саны
140 million

Орыстар — ұлт, Ресей Федерациясының негізгі халқы. Шығыс славян тайпасы байырғы заманнан русь атанған да, ежелден көршілер түрік тайпасы оларды орыс деп атап кеткен.

Көне орыс мемлекеті 9-12 ғасырларда құрылып, орыс ұлтына айналды. Орыс халқы Ұлы Новгород аймағы мен Волга, Ока өзендері аралығыңда қалыптасқан. Орыс халқының салт-сана, мінез-құлқы, тірлік-тынысы, әсіресе, өз заманында күшейе тұскен орыс мемлекетінің отаршылдық озбырлықтары ақын шығармаларында айтарлықтай із қалдырған.

Толығырақ...

Орыс халқы ежелден орын тепкен атамекен-Шығыс Еуропа жазығы.Осы аумақта орыстар солтүстік ұлыорыстар және оңтүстік ұлыорыстар болып бөлінеді.Бұл екі үлкен топтың әрқайсысынан өздерінің айрықша топтары жіктеліп шығады.Ежелгі орыс халқы XII ғасырда әр түрлі шығыс славян тайпаларының бірігуі нәтижесінде қалыптасты.X ғасырда Киев Русі шоқындырылғаннан кейін христиандық орыстар арасындағы кең таралған дінге айналды. Дәстүрлі орыс ерлер киімі қисық жағалы көйлек болып табылады, оның сыртынан әдетте белбеумен буған.Сонымен қатар кенеп шалбар киіп жүрген.Қыста қалың шұғадан немесе барынша дөрекі шұғадан тігілген жағасыз (шекпен) шапан (армяктар) жамылған.Шаруалардың көпшілігі шабатамен, мерекелерде етік киіп жүрген.Әдеттегі әйелдер киімі ұзын кенеп көйлек,оның жоғарғы жағын жемелекпен көмкерген.Суық мезгілде күртеше киген.Көне әйелдер бас киімі қарқара, кейіннен орамал мен шәлі салған.Орыстардың кеңінен таралған сыртқы киімі тоң болып табылады.Кедейлер тоңды қой немесе қоян терісінен тіксе, ал ауқатты адамдар-тиін немесе сусар терісінен әзірлеген.Ал байлар – бұлғын немесе түлкі терісінен тігілген тоңдар киген. Ескі уақытта орыстар жер төлесі бар ағаш жармалы үйшіктер тұрғызған.Қос қабатты шатырларды тақтаймен жапқан, терезе жақтауларын ою-өрнекпен әшекейлеген.Әйнек жетіспегендіктен, терезені бұзаудың қарнымен керіп қойған, кейін оны слюда алмастырды.Үйге түнде шырағдандар жағып қойған.Әдетте үй үш бөлікке бөлінген:шөп қоятын жер қойма және пеш орналасқан жатын бөлме.Орыс ауласының ерекшелігі үйді қақпаның қасына емес, ішкерлей салған, бас қақпадан оған дейін жол жүрген.Аулаға әр түрлі шаруашылық құрылыстары көрік беріп тұрған.Үйдің биіктігі және ауланың кеңдігі қожайынның байлығынын хабардар етеді. Дәстүрлі орыс сусыны квас пен бал болған.Балдың қазір біз білетін балмен ешқандай ұқсастығы жоқ.Бұл сусынды дайындаудың құпиясы, өкінішке орай, ұмытылып кеткен.Және бір орыстың бал қатқан сусынын шайқурайға, сәлбіге, лавр жапырағы мен бұрышқа бал қосу арқылы әзірлеген.