Польша

Польша Республикасы
Rzeczpospolita Polska
Flag of Poland.svgHerb Polski.svg
БайрақЕлтаңба
Әнұран: «Mazurek Dąbrowskiego» (тыңдау )
EU-Poland.svg
Польшаның орналасуы (қара-жасыл):
Еуропада (ашық-жасыл және қара-сұр)
Еуропалық одақта (ашық жасыл)
Тәуелсіздік күні11 қараша 1918 жыл (РКФСР-ден)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тіліполяк тілі
ЕлордаВаршава
Ірі қалаларыВаршава, Краков, Лодзь, Вроцлав, Гданьск, Познань, Быдгошч
Үкімет түріПарламенттік республика
Президенті
Премьер-министірі
Сейма спикері
Сенат спикері
Премьер-министрдің орынбасары
Анджей Дуда
Беата Шидло
Марек Кухчиньский
Станислав Карчевский
Петр Глинский, Матеуш Моравецки, Ярослав Говин
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 70-шы-орын
312 679 км²
3,07%
Жұрты
• Сарап (2014)
Тығыздығы

38 422 346[1] адам (34-ші)
123 адам/км²
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
  • Қорытынды (2012)
  • Жан басына шаққанда

766,675 млрд. $ (20-ші)
22 500 [2] $
ЖІӨ (номинал)
  • Қорытынды (2012)
  • Жан басына шаққанда

531,758 млрд. $ (22-ші)
14 241 $
АДИ (2011) 0,813 (өте жоғары) (39-шы)
Этнохоронимполяктар
ВалютасыЗлоты
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі.pl
ISO кодыPOL
ХОК кодыPOL
Телефон коды+48
Уақыт белдеулері+1 (+2 жазда)

Польша Республикасы[3] (пол. Rzeczpospolita Polska) — Орталық Еуропадағы мемлекет. Жер аумағы — 312,7 мың км². Халқы 38,4 млн. (2017). Халқының басым бөлігі поляктар (97,1%), қалғандары немістер (1,3%), беларустар (0,6%), украиндар (0,5%), т.б. Ресми тілі — поляк тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің католик, солтүстік аудандандары протестант тармақтарын ұстанады. Конституция бойынша мемлекет басшысы президент. Жоғарғы заң шығарушы органы — екі палаталы парламент (сейм және сенат). Астанасы — Варшава. Әкімшілік жағынан 16 провинцияға (воеводаларға) бөлінген. Ұлттық мейрамы —11 қараша — Тәуелсіздік күні. Ақша бірлігі — злота.

Табиғаты

Польшаның топологиялық картасы

Польша жерінің 90%-нан астамы жазық, тау массивтері оңтүстік жағында ғана кездеседі. Балтық теңізімен жалғасатын бөлігі жатық, құмды. Солтүстік Польшаның жер бедерін негізінен аккумуляттық шөгінділерден түзілген Ұлы Польша, Мазовия және Подляс ойпаттары алып жатыр. Бұларға оңтүстіктен Силезия, Кіші Польша, Люблин ассимметриялық қыраттары жалғасады. Польшаның оңтүстік-батыс шетінде Судет тау массиві, оңтүстікнде және оңтүстік-шығысында Карпат тауының сілемдері (ең биік жері 2499 м) орналасқан. Климаты қоңыржай, батысынан шығысына қарай теңіздік климаттан континенттікке ауысады.

Висла өзені

Қаңтардағы орташа температура теңіз жағалауында және батысында 1⁰С, таулы өңірінде 6⁰C; шілдеде 17⁰C, таулы өңірде 10 — 14⁰C. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 500 — 1000 мм. Өзен торы негізінен Балтық теңізі алабына жатады. Аса ірі — өзендері Висла және Одра. Аумағының 27,6%-ы орман (көбіне қылқан жапырақты ағаш түрлері басым).[4]