Сеул

Қала
Сеул
서울 특별시, Seoul
ЕлКорея Республикасы
СтатусыАстана
АймағыСудогвон
Координатасы37°35′ с. е. 127°00′ ш. б. / 37.583° с. е. 127.000° ш. б. / 37.583; 127.000 (G) (O) (O) (Я)
Ішкі бөлінісі25 ку
МэрПак Вон Сун
Бұрынғы атауыХансон, Ханян
Жер аумағы605,25 км²
Ресми тілікорей тілі
Тұрғыны10 464 051 адам (2011)
Тығыздығы17 288.8 адам/км²
Шоғырлануы29 500 000
Уақыт белдеуіUTC+9
Ресми сайтысілтеме
Сеул (Корея Республикасы)
Red pog.png

Сеу́л (кор. 서울 Соу́ль — «астана») — Корея Республикасының ең үлкен қаласы және астанасы. 10 миллионнан астам адам тұрады.

Тарихы

Кёнбоккун сарайы алдындағы көшев XIX ғасырда
Классикалық корей сәулеті

Қаланың алғашқы аты — Виресон, б. з. д. 370 жылдан бастап Пэкче мемлекетінің астанасы болған. Корё заманында Хансон (漢城, «Ханган өзені бойындағы бекінісі») деген атпен белгілі болды. Чосон әулеті кезінде 1394 жылдан бастап Ханян (漢陽) деген атпен астанасы болды. Корея Жапония қол астында кезінде қала аумағында Кёнсон (жапон. 京城, Кэйдзё) деген әкімшілік орталық болды, Сеул деген аты тәуелсіз Кореяда 1946 жылы ғана нық бекітілді.