Философ

Афина Мектебі, Рафаэль Санти сызған. Ортадағы екеу әйгілі Платон және Аристотель. Әрине, мұнда антика заманының басқа да ойшылдары мен ғалымдары топтастырылған.

Философ (ағылш. Philosopher, гр. φιλόσοφος) - философия зерттеуші, философиялық шығарма жазушы, философияға қызығушы, философиялық білімі мен философиялық ойлау қабілетінен пайдаланып арнайы философиялық мәселелерді өзіндік шешім етуші.

Этимология

Көне грек тіліндегі мағынасы даналықты (гр. σοφος) + сүюші (гр. φιλό). Ең алғаш Пифагор өзінің "алтын нақылдар" деген кітабында қолданған: "мен даналықты сүюшімін" деп. Кейін Платон, әсіресе оның шәкірті Аристотель бұл сөзді бүкіл ақыл-ой саласын түгел қамтыған бірегей пәннің атауы етіп қолдану дәстүріне негіз қалады.

Ағылшын философы Б.Рассел Философия туралы былай деген:

Философия сөзі менің түсінігім бойынша теология мен ғылымның арасындағы нәрсе. Ол теология секілді адамзаттың бүгінге дейін ғылым шеше алмайтын мәселелеріне ой жүгіртеді. Бірақ ол ғылым секілді өз тұжырымдарын ақылдық логика негізінде тұжырымдайды, ешқашанда дін секілді дәстүр мен аянның (уәһи) беделіне сүйенбейді. Барлық анық білімдер ғылымға тән. Барлық анықтықтан озып кеткен асқан білімдер теологияға тән. Бірақ осы екеуінің ортасында екі жақ шабуылдайтын иен, қалыс аймақ бар, осы иен аймақ - философияға тәуелді. Б.Рассел, «батыс филосфия тарихы»

Еуропалық философия дәстүрі бойынша философияның қармағына

Сократтың өлімі. Ж.Л.Давид сызған (1787ж.)

Демек осы салаларда ойлайтын, сөйлейтін, жазатын, осы салаларда белгілі бір әлеуметтік міндет атқаратын адамдарды да салыстырмалы кең мағынада философ деп атауға болады. Дегенмен, нағыз философ деп қайткен күнде шығармасы 50 жылдан кейін де оқылатын, адамзатқа және адамзаттың бір бөлігінің өмірі мен идеясына, шығармашылығына айырықша ықпал еткен адамды айтуға тиіспіз.