Хью Гросвенор, Вестминстер герцогі

Хью Ричард Луи Гросвенор, 7-ші Вестминстер герцогі
Hugh Richard Louis Grosvenor, 7th Duke of Westminster
Қызметі:

жер иеленуші, кәсіпкер

Туған күні:

29 қаңтар 1991(1991-01-29) (27 жас)

Туған жері:

Итон Холл, Чешир, Ұлыбритания

Азаматтығы:

 Ұлыбритания

Әкесі:

Джеральд Гросвенор, 6-шы Вестминстер герцогі

Анасы:

Наталья Филлипс

Сайты:

www.grosvenorestate.com

Хью Ричард Луи Гросвенор, 7-ші Вестминстер герцогі (ағылш. Hugh Richard Louis Grosvenor, 7th Duke of Westminster, 29 қаңтар 1991 жылы туған) — британ ақсүйегі, Джеральд Гросвенор, 6-шы Вестминстер герцогінің (ағыл.)қаз. үшінші баласы және жалғыз ұлы. Анасы жағынан Хью Ресей империясының патшасы І Николай мен орыстың ұлы ақыны Пушкиннің жүрежаты. Вестминстер герцогі атағы 2016 жылдың 9 тамызында әкесі қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік жолмен берілді, сондай-ақ ол әкесінің мұрасын иеленгендіктен Ұлыбританияның ең жас миллиардері атанды[1][2].

Білімі

Хью және оның Тамара, Эдвина және Виола есімді әпкелері мемлекеттік бастауыш мектептен білім алып, кейін Итон Холл (ағыл.) қаз. отбасылық жекежайына жақын орналасқан жекеменшік Mostyn House School күндізгі мектебінде оқуларын жалғастырады[3][4]. Жоғары білімді Хью менеджмент мамандығы бойынша Ньюкасл университетінде алды[5][6][7].