Чау-чау

Чау-чау
ChowChow2Szczecin.jpg
Чау-чау күшігі
Сипаттамалары
БойыТөбеті: 48—56 см
Қаншығы: 46—51 см
СалмағыТөбеті: 25-32 кг
Қаншығы: 20-27 кг
Шығу тегі
ЕлҚытай
ХКФ классификациясы
Тобы5
Секциясы5
Нөмірі205
Ортаққордағы санаты: Чау-чау

Чау-чау (ағылш. chow-chow; қыт. 鬆獅犬, тағы қыт. 唐犬) — үй қорғайтын ит, дос, ежелден келе жатқан ит түрі.

Чау-чау шығу тегінен шпицтер тобына жатады. Қанында тибет итінің (мастиф) қаны бар деген тұжырым бар. Арғы жағы аю болды деген сөз ешқандай қайшы сөз келтірмейтін сияқты, бірақ күлгін тілі, бас қаңқасының ұқсастығы, қимылындағы ұқсастық арғы атасы аю екеніне дәлел болатын сияқты.

Қытай елінде таза қанды чауды көпшілік ойына қарамастан жемеген— тамаққа аралас қанды иттер қолданылған, ал таза қанды чаулар ірі аң аулауда және үй қорғауға колданылған. Қазіргі Солтүстік Корея ауылды аймақтарында тамаққа, әдейілеп өсірген бір жылдық чауларды салады. Пхеньян ресторандарында шетел туристеріне деликатес ретінде тапсырыс бойынша чау-чау етінен тамақ берілуі мүмкін.

Аталуы

Чау тегі әр түрлі замандарда әр қалай аталған: тибет мастифы, татар иті, варварлар иті, бірақ жүз жылға жакын чау-чау деп аталып келеді. «Чау-чау» атауының келгендігі туралы көптеген пікірлер бар: кемедегі жүк тасуға арналған «chow-chow» деген орыннан, слэнг «chow» — «желінетін» деген мағынада және тағы басқа. Барлығынан сенерліктей екі ғана пікір бар.Біріншісі: чау-чау аты ежелгі «чу» деген ит атынан шықты делінген. Екіншісі: атты шығыс дәмдеуішін сататын ағылшын саудагерлері қойды делінген, өйткені олар Англияда тұратын барлық қытай халқын chows және chinks деп атаған.