Қазақстан

Қазақстан Республикасы
Flag of Kazakhstan.svgEmblem of Kazakhstan.svg
БайрақЕлтаңба
Ұран: «Алаш! (тарихи)
Алға Қазақстан! (ресми емес)»
Әнұран: «Менің Қазақстаным» (тыңдау )
Kazakhstan (orthographic projection).svg
Тарихы
Құрылды1465 жыл

Қазақ хандығы

Тәуелсіздік күні16 желтоқсан 1991 жылы (КСРО-дан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдеріҚазақ тілімемлекеттік тіл
орыс тілі — ресми
ЕлордаAstana city seal.png Астана
Ірі қалаларыАлматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Тараз, Павлодар, Өскемен, Семей
Үкімет түріПрезиденттік унитарлы республика
Президенті
Премьер-министрі
Нұрсұлтан Назарбаев
Бақытжан Сағынтаев
Мемлекеттік дініЗайырлы мемлекет
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 9-шы-орын
2 724 902[1] км²
1.7
Жұрты
• Сарап (2017)
Тығыздығы

18 157 078[2] адам (64-ші)
6,64 адам/км² (184)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
  • Қорытынды (2014)
  • Жан басына шаққанда

$420.629 млрд[3] $ (43-ші)
$24,143[3] $ (50-ші)
ЖІӨ (номинал)
  • Қорытынды (2014)
  • Жан басына шаққанда

$225.619 млрд[3] $ ([3])
$12,950[3] $ (54-ші)
АДИ (2015) 0,788[4] (жоғары) (56-шы)
ЭтнохоронимҚазақстандықтар
ВалютасыҚазақстан теңгесі
(KZT, код 82)
Қосымша мәліметтер
Әуе компаниясыAir Astana, SCAT, QAZAQ AIR
Интернет үйшігі.kz,.қаз
ISO кодыKZ
ХОК кодыKAZ
Телефон коды+7-6xx, +7-7xx
Уақыт белдеулері+5, +6

Disambig gray.svg Басқа мағыналар үшін Қазақстан (айрық) деген бетті қараңыз.

Қазақстан (Дыбысы Қазақстан [qɑzɑqˈstɑn]), толық атауы Қазақстан Республикасы (Дыбысы Қазақстан Республикасы) — Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Бaтысында Еділдің төмeнгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені.

Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде жəне батысында Ресеймен — 6 467 км құрайды. Оңтүстігінде — Түрікменстан — 380 км, Өзбекстан — 2 300 км және Қырғызстан — 980 км, ал шығысында — Қытаймен — 1 460 км шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы — 13392,6 км[5]. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады[6].

2017 жылдың 1 қаңтарға елдегі тұрғындар саны - 17 926 500 адам бұл әлем бойынша 64-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км²).

Елдің астанасы - Астана қаласы. Мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ресми тілі - орыс тілі.

Қазақстанның ұлттық құрамы aлуан түрлі. Хaлықтың үлкен бөлігін қазақтар құрайды, пайыздық үлесі - 66,01%, орыстар - 21,05%, өзбектер - 3,07%, украиндар - 1,70%, ұйғырлар - 1,44%, татарлар - 1,17%, басқа халықтар - 5,56%.[7] Халықтың 70 пайыздан астамын мұсылмандар құрайды, православты христиандар - 26%, қалғаны басқа дін өкілдері.[8]

Экономикалық көрсeткіштері бойынша дамушы экономика ретінде қарастырылады. Елдің жалпы ішкі өнімі ЖІӨ (номинал) = $225.619 млрд (2014). Экономиканың негізгі бағыты отын-энергетика саласындағы шикізат өндіру, ауыл шаруашылығы (егіншілік). Елдің негізгі валютасы - теңге.

1991 жылдың 16 желтоқсан күні КСРО-ның ыдырауына байланысты өз егемендігін жариялады және халықаралық қауымдастық тарапынан тәуелсіз мемлекет ретінде мойындалды. 1992 жылдың 2 наурызынан бастап БҰҰ-ның толыққанды мүшесі. Сонымен қатар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына және Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы сияқты басқа да бірнеше халықаралық ұйымдардың құрамына кіреді.

Этимологиясы

Қазақстан сөзі Қазақ [9][10] және Стан сөздерінен құралған, яғни Қазақ елі деген мағына береді. Соңғы кездері халық арасында Қазақ елі, Ұлы дала елі және Қазақия деген атаулар қолданылуда[11][12][13].