Үнді пілдері

Үнді пілі

Үнді пілдері немесе Азиялық пілдер (лат. Elephas) — тұмсықтылар отрядына жататын сүтқоректі. Қазіргі заманғы азиялық пілдің (Elephas) жалғыз түрі және піл тұқымдастығының заманауи үш түрінің бірі.

Азиялық піл – көлемі бойынша саванналық пілден кейінгі ең ірі құрлық жануары. Сонымен қатар, төлін жатырында орта есеппен 650 күн тасиды. Бұл көрсеткіш сүтқоректілер арасында ең жоғары болып есептеледі.[1]

Сырт келбеті

Үнді пілі африкалық саванна пілінен көлемі жағынан кіші болып келеді. Дегенмен, кәрі пілдің биіктігі 2,5-3,5 метрге болғанда, салмағы 5,4 тонна болады. Ұрғашылары кішірек келіп, орташа есеппен салмағы 2,7 тонна болады. Ең кішісі Калимантан аралын мекендейтін түрі (2 т) жатады. Саванналық пілдің салмағы 4 тоннадан 7 тоннаға жетеді. Үнді пілінің дене ұзындығы 5,5-6,4 м, құйрығы – 1,2-1,5 м. Азиялық піл африкалыққа қарағанда көлемдірек болады. Аяқтары жуан және қысқа.