Ұлыбритания

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Патшалығы
ағылш. United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland
Flag of the United Kingdom.svgRoyal Coat of Arms of the United Kingdom.svg
БайрақЕлтаңба
Ұран: «Dieu et mon droit» «(Құдайым және құқығым)»
Әнұран: «God Save the Queen/King» (тыңдау )
EU-United Kingdom.svg
Ұлыбританияның орналасуы (қара-жасыл):
Еуропада (ашық-жасыл және қара-сұр)
Еуропалық одақта (ашық-жасыл)
Тарихы
Құрылды1 қаңтар 1801
(Ұлыбритания Патшалығы мен Ирландия Патшалағының қосылуынан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тіліағылшынша
ЕлордаЛондон
Ірі қалаларыЛондон, Бирмингем, Глазго, Белфаст, Манчестер, Эдинбург, Ливерпуль
Үкімет түріпарламенттік демократия және конституциялық монархия[1]
Монархы
Премьер-министрі
Лорд Спикері
Қауым палатасының спикері
II Елизавета
Тереза Мэй
Норман Фаулер
Джон Беркоу
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 77-ші-орын
243 809 км²
1,34%
Жұрты
• Сарап (2011)
• Санақ (2001)
Тығыздығы

62 698 362[2] адам (22-ші)
58 789 194[3] адам
246 адам/км² (48-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
  • Қорытынды (2010)
  • Жан басына шаққанда

2,172 трлн[4] $ (7-ші)
34 919[4] $ (18-ші)
ЖІӨ (номинал)
  • Қорытынды (2010)
  • Жан басына шаққанда

2,247 трлн[4] $ (6-шы)
36 119[4] $ (20-шы)
АДИ (2011) 0,863[5] (өте жоғары) (28-ші)
Валютасыфунт стерлинг
Қосымша мәліметтер
Әуе компаниясыBritish Airways
Интернет үйшігі.uk, .eu
ISO кодыGB
ХОК кодыGBR
Телефон коды+44
Уақыт белдеулері+0

Ұлыбритания (ағылш. Great Britain), толық атауы Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (ағылш. United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland) — Еуропаның солтүстік-батысында, Британ аралдарында (ең ірісі — Ұлыбритания), Ирландия аралының солтүстік-шығыс бөлігі мен ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Құрлықтан Ла-Манш (Ағылшын каналы) және Па-де-Кале (Дувр) бұғаздары арқылы бөлінген. Аумағы 244, 11 мың км². Халқы 62,6 млн. (2004), астанасы — Лондон (7 млн.). Халқының 80%-ына жуығы ағылшындар, 15%-ы шотландтықтар, уэльстіктер (валлиялықтар) мен ирландықтар, 5%-ға жуығын Британ Достастығы елдерінен келген иммигранттар құрайды. Ағылшындар англикан мемлекеттік шіркеуі нанымдарын ұстанса, шотландтықтардың басым бөлігі — пресвитериандар, ирландықтар, негізінен католиктер, қалғандары ислам, т.б. діндерді ұстанады. Ұлыбританияда халықтың 89,4%-ы қалаларда тұрады.[6]

Ұлыбритания қалалары:

Ұлыбритания 4 әкімшiлік-саяси бөліктен (тарихи ұлттық облыстардан):

Бұған қоса Ұлыбританияның иеліктері:

Ұлыбритания Біріккен Корольдігі атауына қарамастан федерация емес, унитарлық мемлекет — парламенттік монархия болып табылады. Елдің жеке Конституциясы жоқ. Ұлыбритания заңдары көп ғасырлық конституциялық дәстүрлер мен Жоғарғы сот органдарының шешімдеріне (прецеденттердің) негізделген. Мемлекет басшысы — монарх, сот жүйесінің басшысы, жоғарғы бас қолбасшы болып табылады. Қазіргі патшайымы (королева) — Елизавета II ( 1952 жылдан). Жоғары заң шығарушы органы — екі палатадан (қауымдар және лордтар) тұратын парламент. Парламент құрамына патшайым да кіреді. Атқарушы билік премьер-министрдің қолында. Ресми тілі — ағылшын тілі. Ақша бірлігі — фунт-стерлинг. Ұлттық мерекесіпатшайымның туған күні (маусым айының екінші сенбісі).